Экономика

Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?

Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.

Астананың ақша айырбастау орындарында доллар 454 теңгеден, Алматыда 453,61 теңгеден сатылып жатыр. Бұл туралы Oimaqnews порталы Kurs.kz деректеріне сүйеніп хабарлады.

Елордада долларды сатып алу бағамы 447 теңгені құрайды. Еуро 499 теңгеден сатып алынып, 509,01 теңгеден сатылуда. Рубльдің сатып алу бағамы — 5,10 теңге, сату бағамы — 5,30 теңге. Юань 65,90 теңгеден сатып алынып, 70,31 теңгеден сатылып жатыр.

Алматыда доллар 450,59 теңгеден сатып алынады. Еуроны сатып алу бағамы — 498,62 теңге, сату бағамы — 508,06 теңге. Рубль 5,11 теңгеден сатып алынып, 5,23 теңгеден сатылуда. Юаньның сатып алу бағамы — 66,34 теңге, сату бағамы — 68,94 теңге.