Шымкентте 13 жастағы оқушы қайтыс болды
жасөспірім мейрамхананың банкет залында жұмыс істеген
Шымкентте мейрамхананың банкет залында жұмыс істеген 13 жастағы оқушы қайтыс болды. Полиция баланың өлімі оның сырқатына байланысты болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Баланың ата-анасының айтуынша, жасөспірім мейрамхананың банкет залында жұмыс істеген. Шымкент полиция департаменті оның қайтыс болғанын растады.
Қазақстанның еңбек заңнамасына сәйкес, 14 жасқа толмаған балалармен еңбек шартын жасауға жол берілмейді.
Қайтыс болған баланың ата-анасы бұған дейін қалалық еңбек инспекциясына шағым түсірмеген.