Қоғам

Астанада есепші компания қаржысын құмар ойынға салып жіберген

Астанада ЖШС есепшісі ойын бизнесімен ақшалай пайда алу мақсатында алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Бұл туралы Астана прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Соттың үкімімен Астана тұрғыны құмар ойындарға ақша жұмсау үшін алаяқтық жолға түсіп, нәтижесінде 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Іс бойынша қатысқан мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеді. Сот үкімі заңды күшіне енді.