Әлеумет

Маңғыстау облысында тұрғыннан ақша бопсалады деген күдікті ұсталды

Жеке тінту кезінде одан арнайы белгі салынған ақша табылып, тәркіленді.

Маңғыстау облысында тұрғыннан ақша бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша күдікті күш қолданып және қорқытып, Ақтау қаласының тұрғынынан оның беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратпау үшін 300 мың теңге талап еткен.

1 қазанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті талап етілген ақшаның бір бөлігін алғаннан кейін ұсталды.

Жеке тінту кезінде одан арнайы белгі салынған ақша табылып, тәркіленді.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 194-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.