Әлеумет

Батыс Қазақстан облысында әйелді өлтірген күдікті ұсталды

Қанды оқиға Казталов ауданы Болашақ ауылында болды.

Батыс Қазақстан облысында әйелді өлтірген күдікті ұсталды. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, қанды оқиға Казталов ауданы Болашақ ауылында болды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, полиция қызметкерлері әйел адамның өліміне қатысты аса ауыр қылмысты ашты.