Кеше мемлекеттік орман қоры аумағында бес орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Оның ішінде Ақмола және Қарағанды облыстарында бір-бірден, Солтүстік Қазақстан облысында екі өрт және «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде бір өрт болған.
Орман алқаптарындағы жағдай әуе және жерүсті патрульдеу арқылы бақылауда. Өрт ошақтарын жедел оқшаулап, сөндіруге мемлекеттік орман күзеті мен ТЖД қызметкерлері тартылды.
Сондай-ақ су төгетін құрылғымен жабдықталған «Қазавиаорманқорғау» тікұшағы жұмылдырылды.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтап, отты қараусыз қалдырмауға шақырды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





