сенбі, 3 қазан, 2026 9:46

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазгидромет дауылды ескерту жариялады

Қазгидромет дауылды ескерту жариялады
istockphoto
Бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

«Қазгидромет» бүгін Қазақстанның 17 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Солтүстік және орталық өңірлер: Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, кей жерлерде тұман мен жаңбыр күтіледі. Қарағанды облысында да жел күшейіп, кей аудандарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Ұлытау облысының солтүстігі мен орталығында қатты жаңбыр жаууы мүмкін.

Батыс өңірлер: Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ, түнде және таңертең тұман болжанады. Батыс Қазақстан облысында жаңбыр мен қар, Оралда күндіз қатты жауын-шашын күтіледі. Маңғыстау мен Атырау облыстарында жел күшейеді.

Шығыс және оңтүстік-шығыс: Шығыс Қазақстанның таулы аудандарында жаңбыр мен қар, тұман және қатты жел күтіледі. Абай облысында тұман, Алматы облысында 15-20 м/с-қа дейін жел болжанады. Жетісу облысының таулы аудандарында тұман болады.

Оңтүстік өңірлер: Қызылорда облысында жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл және 23 м/с-қа дейін қатты жел күтіледі. Түркістан облысында жаңбыр, найзағай және шаңды дауыл болжанады. Шымкент пен Түркістанда күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар