Flydubai рейсіндегі төтенше жағдай: жараланған ұшқыштың жағдайы туралы тың дерек шықты
Үндістанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігі төтенше жағдай болған Flydubai әуекомпаниясының рейсінде жараланған ұшқыштың денсаулығы туралы мәлімет берді.
Үндістанның БАӘ-дегі елшілігінің ақпаратына сәйкес, әмірліктердің Flydubai әуекомпаниясының ұшағында жараланған үндістандық ұшқыш Смит Маччхардың денсаулық жағдайы жақсы деп бағалануда.
"Капитан Маччхардың жағдайы жақсы және тез сауығып келеді", - делінген үндістандық елшінің БАӘ-дегі ауруханаға барғаннан кейін жасаған мәлімдемесінде. Зардап шеккен ұшқыш ол жерге Сауд Арабиясынан жеткізілген.
Маччхар Дубайдан Тель-Авивке бет алған рейстің экипаж командирі болған, сол сапар кезінде екінші ұшқыш оған пышақ жарақатын салған, соның салдарынан ұшақ Сауд Арабиясының әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды.