Спорт

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Азия ойындарынан алтын медаль жеңіп алды

Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан алтын медалін жеңіп алды.

Төрехан Сабырхан 70 келі салмақта, шешуші бәсекеде иорданиялық Зеяд Ишаишпен кездесті. Қазақстандық боксшы жекпе-жекті сенімді бастап, бірінші раундта-ақ төрешілердің бірауыздан қолдауына ие болды. Екінші үш минуттықта да Төрехан басымдығын бермеді. Бұл раундта Иордания өкілінің есебінен бір ұпай шегерілді.

Осылайша, кездесудің соңына дейін артықшылығын сақтаған Төрехан Сабырхан төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.

Бұл – Қазақстан бокс құрамасының осы жарыстағы алғашқы алтыны.