Спорт

Елдос Сметов Азиадада жартылай финалға шықты

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды.

60 келіге дейінгі салмақта белдескен отандасымыз ширек финалда моңғолиялық Ариунболд Энхтайванды иппон әдісімен жеңді.

Енді Елдос Сметов Азия ойындарының финалына шығу үшін белдеседі.