Саясат

Президент әлемнің бірінші ракеткасын қабылдады

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинамен кездесіп, оны АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісімен және әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Рыбакина 12 қыркүйекте US Open финалында Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, мансабында алғаш рет АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл оның Үлкен дулыға жарыстарындағы үшінші жүлдесі. Бұған дейін ол 2022 жылы Уимблдонда, 2026 жылы Австралия ашық чемпионатында топ жарған.

Сонымен қатар Рыбакина Қазақстан тарихында жекелей сында әлемдік рейтингтің бірінші сатысына көтерілген алғашқы теннисші атанды. WTA жаңартылған рейтингінде ол 14 қыркүйектен бастап бірінші орынға шықты.

Тоқаев Рыбакинаның жетістіктері балалардың тенниске деген қызығушылығын арттыратынын атап өтті.

Мемлекет басшысы Рыбакинаның үш Үлкен дулыға жарысындағы жеңісі теннис тарихында қалатынын айтып, спортшының корттағы және көпшілік алдындағы байыптылығына да тоқталды.

Рыбакина Президентке қолдауы үшін алғыс айтып, Қазақстан атынан өнер көрсетуді мақтан тұтатынын жеткізді. Теннисші алдағы уақытта да жоғары нәтижеге жетіп, жаңа жеңістерге ұмтылатынын айтты.