Қаржы пирамидасын құрды деп сотталған Мейіржан Төребаевты неліктен үйіне жіберілгендігі белгілі болды
- авторОймақ
- 20 мамыр, 2024
- 399
Вайнер Мейіржан Төребаев үйіне жіберілді: ҚАЖД түсінктеме берді
Павлодар облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталушы Мейіржан Төребаевтың неге үйіне жіберілгенін түсіндірді.
Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, №44 мекемеде жазасын өтеп жатқан Мейіржан Төребаевқа анасының ауруына байланысты қысқа мерзімді демалыс берілді.
«Қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес қауіпсіздігі ең төмен мекемелерде жазасын өтеушілер мекеменің әкімшілігіне жеті тәуліктен аспайтын мерзімге оның шегінен тыс жерде жүруге қажетті уақытты есептемегенде, мекеме әкімшілігіне жүгінуге құқылы»,-деп хабарлады ведомстводан.
Бұған дейін қаржы пирамидасын құрды деп сотталған Мейіржан Төребаевтың әйелі Дана Есеева әлеуметтік желіде күйеуі мен балаларының видеосын жариялаған болатын.
Айта кетейік, былтыр маусым айында Мейіржан Төребаев Қылмыстық кодекстің 217-бап бойынша кінәлі деп танылып, сот үкіміне сәйкес, ең төменгі қауіпсіздік колониясында бес жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын.
Осы жылдың басында вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов сотқа аппеляциялық шағым түсірді.
Алайда апелляциялық сот вайнерлерге қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.