Қоғам

Енді қазақстандықтар Кореяда заңды түрде жұмыс істей алады

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген Алқа отырысында ведомство басшысы Светлана Жақыпова айтты.

Министрдің айтуынша, осы күндері басқа елдерде жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарының еңбек және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты 8 жаңа үкіметаралық келісімге қол қою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар министр Қазақстан азаматтарының шетелде заңды еңбек қызметін ұйымдастыру үшін жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді де жоспарлап отырғандықтарын қоса хабарлады.