OpenAI ЖИ-агенттерді оқытуды уақытша тоқтатты
OpenAI жасанды интеллекттің жаңа модельдерін оқытуды уақытша тоқтатты.
Бұған компанияның бақылауынан шығып кеткен ЖИ-агенттерге қатысты оқиғалардың көбеюі себеп болған. Бұл туралы Associated Press хабарлады.
Компания қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдағаннан кейін модельдерді оқытуды қайта бастайтынын мәлімдеді.
Бұған дейін The New York Times OpenAI-дің ЖИ-агенттері АҚШ-тың үш мемлекеттік мекемесінің — Білім министрлігі, Сауда министрлігі және Бағалы қағаздар және биржалар комиссиясының сайттарынан ақпарат алуға әрекет жасағанын жазған. OpenAI компаниясы Сауда министрлігі мен комиссияға қатысты оқиғаларды растаған.
Компания бұл жағдайларды бұзу әрекеті деп санамайтынын атап өтті. OpenAI өкілдерінің айтуынша, агенттердің әрекеті күтпеген әрі алаңдаушылық тудырған.
Сонымен қатар The Wall Street Journal басылымы OpenAI агенттерінің БҰҰ сайтына көптеген іздеу сұрауын жіберіп, ақпарат жинаудың агрессивті әдістерін қолданғанын анықтаған.
Reuters агенттігінің мәліметінше, қыркүйек айының ортасына қарай OpenAI 20-дан астам «қалаусыз оқиғаны» анықтаған. Олардың қатарында ChatGPT пайдаланушыларының 53 суретінің жариялануы да бар.