Juzmedia басылымының журналисі мен редакторына қатысты соталды тергеу басталды
Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады.
Juzmedia басылымының журналисі мен редакторына қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Ulysmedia.kz мәліметінше, редакцияға Juzmedia-ның екі қызметкері бопсалау күдігіне байланысты ұсталғаны туралы ақпарат түскен. Алдын ала дерек бойынша, олардың бірі қылмыс үстінде қолға түскен болуы мүмкін. Алайда бұл жайттың егжей-тегжейін ҰҚК әзірге жариялаған жоқ.
Осыған байланысты Ulysmedia.kz ҰҚК-ге ресми сауал жолдап, журналист пен редактордың ұсталған-ұсталмағанын және соталды тергеудің нақты қай бап бойынша жүргізіліп жатқанын сұраған.
Комитет соталды тергеу жүріп жатқанын растағанымен, қосымша ақпарат бермеген.
Juzmedia туралы
Juzmedia.kz – қазақстандық ақпараттық-ағартушылық портал. Басылымның ресми сайтында Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік және өзге де тақырыптар бойынша материалдар жарияланады.