Спорт

Ерлан Тасмағамбетов мансабында алғаш рет батутта секіруден Азия ойындарының жүлдегері атанды

Қазақстандық Ерлан Тасмағамбетов Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында батуттық гимнастикадан жүлдегерлер қатарынан көрінді

22 жастағы спортшы алдымен іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, кейін төрт үздік атлет қатысқан суперфиналға жолдама алды.

Шешуші кезеңде Тасмағамбетов 54,69 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды және қола медальді еншіледі. Алтын мен күмісті қытайлық спортшылар Янь Ланъюй (65,09) мен Ван Цзысай (63,83) иеленді.

Тағы бір қазақстандық Роман Барков іріктеуден сәтті өткенімен, суперфиналға шыға алмады. Қорытынды хаттамада ол сегізінші орынға тұрақтады.

Тасмағамбетов мансабында алғаш рет Азия ойындарының жүлдегері атанып отыр. Қазақстан құрамасы қатарынан үшінші ойындарда батуттық гимнастикадан медаль иеленді.