Sadraddin концерті бір күнге кейінге шегерілді
27 қыркүйекке жоспарланған концерт 28 қыркүйекте өтеді.
Қазақстандық әнші Sadraddin Маңғыстау облысында орын алған қайғылы жағдайға байланысты Алматы қаласында өтуі тиіс концерттерінің күндері өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Өнер иесі әлеуметтік желідегі үндеуінде алматылықтарға, қала қонақтарына және тыңдармандарына көңіл айтып, 26 қыркүйекке жоспарланған концерттің 27 қыркүйекке ауыстырылатынын мәлімдеді. Ал 27 қыркүйекке жоспарланған концерт 28 қыркүйекте өтеді.
Осылайша, концертке алдын ала билет алған көрермендер үшін іс-шаралардың күндері бір күнге шегерілді.