Жазғы Азиада: нысана көздеуден қола түсті
Ислам Сәтпаев 3-орыннан көрінді.
Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында нысана көздеуден Қазақстан командасының қоржынына қола медаль түсті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Спортты дамыту дирекциясының ақпаратынша, ерлер арасында винтовкамен 50 метрден 3 позицияда оқ атуда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев 3-орыннан көрінді. Ол финалда 348.3 ұпай жинады.
Бұл бағдарламада алтын мен күміс Қытай өкілдерінің еншісінде кетті.