Каспий теңізінің акваториясында бұған дейін із-түзсіз жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылып, іздестіру-құтқару операциясы ресми түрде аяқталды. Бұл туралы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Ведомство мәліметінше, бүгін сағат 09:15 шамасында үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денелері судан шығарылды. Осылайша, қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың жалпы саны 14 адамға жетті. Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштердің басшылығы қаза тапқан әскерилердің отбасыларына заңда көзделген барлық материалдық және психологиялық көмек толық көлемде көрсетілетінін мәлімдеді.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жауынгерлік тапсырмасын орындау барысында орын алды. Ашық теңізде ауа райы кенеттен күрт нашарлап, соққан қатты дауылдың салдарынан 17 әскери қызметші теңізге ағып кеткен болатын. Құтқарушылар мен әскери мамандардың жедел әрекетінің арқасында олардың үшеуі аман қалып, ауруханаға жеткізілді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Каспийдегі тоғыз сарбаздың қазасы: Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасады
- авторОймақ
- 24 қыркүйек, 2026




