Қоғам

Түркістанда лотос гүлдеді

Түркістанда қызғылт түсті лотос гүлдеді. Өңірге 2019 жылы жеткізілген ерекше гүл 900 шаршы метр аумақта өсіп жатыр.

Түркістан қаласындағы желілік саябақ пен ботаникалық бақта лотос гүлдері жайқалып өсіп тұр. Күндіз гүл ашып, кешкісін жабылып қалатын ерекше гүлді қызықтап тамашалаушылар да көп. Әсіресе, шеттен келген туристер таңсық дүниенің жанында суретке түсіп, желіге жүктеп жатыр. Бір айта кетерлігі, су бетінде қалқып жүретін өсімдік айрықша күтімді қажет етпейді. Тек айналасын уақытылы қоқыстан тазартып отырса жеткілікті.