Президент Маңғыстауда әскери қызметкерлердің қаза болуына байланысты көңіл айтты
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметкерлердің туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті іс-шаралар қабылдауды және қайтыс болған жандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды.