Каспийдегі тоғыз сарбаздың қазасы: Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасады
Алдын ала мәлімет бойынша, олардың тоғызы қаза тауып, үшеуі құтқарылды, қалғандарын іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Маңғыстау облысында Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштері оқу-жаттығуы кезінде ауа райының күрт нашарлауынан 19 әскери қызметкерді теңіз алып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың тоғызы қаза тауып, үшеуі құтқарылды, қалғандарын іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру үшін оқиға орнына Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы шұғыл аттанды.