Сот үкімімен бұрынғы бірге тұрған әйеліне қатысты құқыққа қайшы әрекет жасаған ер адамға 60 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалып, оның мінез-құлқына бірқатар ерекше талаптар белгіленді. Атап айтқанда, жәбірленушіге жақындауға тыйым салынды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Оқиға қызғаныш салдарынан орын алған. Ер адам бұрын бірге тұрған әйелінің жұмыс орнына жанғыш сұйықтық құйылған бөтелкемен келген.
Әйелмен қарым-қатынасын қалпына келтіру мақсатында ол жәбірленушіні өртеп жіберемін деп қорқытқан. Кейін оның үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өміріне нақты қауіп төндірген.
Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Прокуратура азаматтарды қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда өз құқықтарын қорғау және ауыр зардаптардың алдын алу үшін дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады. Сонымен қатар азаматтардың өміріне, денсаулығына және қол сұғылмаушылығына қарсы жасалған кез келген әрекет, оның ішінде қорқыту мен қудалау заңда белгіленген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





