сәрсенбі, 23 қыркүйек, 2026 14:44

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бірнеше несиесі бар азаматтарға қарызды өтеу туралы келісім жеңілдеуі мүмкін

Бірнеше несиесі бар азаматтарға қарызды өтеу туралы келісім жеңілдеуі мүмкін
Magnific.com
Бірнеше банкке немесе микроқаржы ұйымына қарызы бар азаматтар үшін жаңа тәртіп ұсынылды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ереже жобасын жариялады. Әзірге бұл өзгерістер күшіне енген жоқ.

Жобаға сәйкес, егер адам несие төлемін кешіктіріп, бірнеше ұйымға қарыз болып қалса, барлық қарызы бойынша төлем тәртібін бір процессте келісуге өтініш бере алады. Бұл мүмкіндік тек кепілсіз тұтынушылық несиелерге қатысты. Сондай-ақ өтініш берушінің мүлік кепілімен алған басқа несиесі болмауы керек.

Өтініш арнайы онлайн платформа арқылы беріледі. Оны банк немесе микроқаржы омбудсманы қарайды. Омбудсман — қарыз алушы мен несие берген ұйымдардың келісімге келуіне көмектесетін маман. Ол өтініш түскеннен кейін үш жұмыс күні ішінде келісу жұмысын бастауы тиіс.

Тараптар келіскен жағдайда, азаматқа қарызын өтеу шарттары мен төлем кестесі ұсынылады. Әлеуметтік жағынан осал азаматтар мен атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін төлем кестесін есептеудің бөлек тәртібі қарастырылған.

Жобада тағы бір өзгеріс бар: банк немесе микроқаржы ұйымы несие шарттарын өзгертуден бас тартса, азаматқа омбудсманға жүгіну құқығын хабарлауы тиіс. Жаңа тәртіптің бірқатар нормасын, соның ішінде бірнеше кредитор алдындағы қарызды бірге реттеу ережесін, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізу жоспарланған.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар