Көктөбе уақытша жабылады
Алматыдағы Көктөбе тұрғындар мен қала қонақтары үшін уақытша жабылады
25 қыркүйек күні сағат 00:00-ден 17:00-ге дейін Көктөбе аумағы келушілер үшін толықтай жабық болады.
Осы уақыт аралығында:
аспалы жолдың жұмысы тоқтатылады;
автокөлік қозғалысына шектеу қойылады;
жүргіншілер бағыттары мен соқпақтарына кіруге болмайды.
"Қала тұрғындары мен қонақтарынан бағытын алдын ала жоспарлап, аталған шектеуді ескеруін сұраймыз.
Уақытша қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз. Түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз", - делінген хабарламада.