Қоғам

Астанада жеңіл көлік өзенге түсіп кетті

Астанада құтқарушылар Есіл өзеніне түсіп кеткен көлікті шығарды.

Астанадағы Сарайшық ауданында жеңіл көлік Есіл өзенінің арнасына түсіп кеткен. Оған көліктің электронды жүйесіндегі ақау себеп болған.

Жүргізуші мен жолаушы көліктен өз бетінше шығып үлгерген, ал көлікті судан шығару үшін көмек қажет болған.

"Оқиға орнына Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары келіп жетті. Сүңгуірлер судағы жағдайды зерделеп, кранның көмегімен жеңіл автокөлікті судан алып шықты", - делінген хабарламада.

Көлік иесі құтқарушыларға жедел әрі кәсіби көмегі үшін алғысын айтқан.