Әлеумет

"Ешкім көмексіз қалмайды" – Айдарбек Сапаров

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров су тасыған өңірлерде құжаты жоқ, тіркелмеген мал шығынын өтеу алгоритмі туралы айтты.

 

«Өздеріңіз білесіздер, арнайы комиссия құрылды. Малына құжаты барлардың шығыны бюджеттен өтеледі. Енді малына қағаз құжаты болмаса, тіркелмесе, алгортим бойынша 3 куәгер болуы керек деп жазылған. Олар – көршілер, учаскелік полиция инспекторы, ауылдық округтің әкімі. Шығын дәлелденуі тиіс. Оның нәтижесінде мал шығыны қорлар немесе демеушілер, компаниялар есебінен өтеледі. Мысалы, бүгінде Қарағанды облысы барлығын демеушілер есебінен жауып тастады. Сол сияқты Ақтөбе, Қостанай облыстарында жұмысты жүргізіп жатыр», - деді Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында. 

Сондай-ақ министр ешкімнің көмексіз қалмайтынын айтты.