Қоғам

Бишімбаев ісі бойынша сот отырысты кейінге қалдырды

Келесі сот процесі 13 мамырда өтеді,

Астананың ауданаралық соты Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты отырысты кейінге қалдырды. Келесі сот процесі 13 мамырда өтеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Бүгін әйелін азаптап өлтірді деп айып тағылған Қуандық Бишімбаев пен оның қылмыстық әрекетін жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжановтың сот отырысы бар болғаны 2 минутқа созылды. Судья алқабилермен ақылдасу үшін кеңесу бөлмесіне кетіп, үзіліс жарияланған.

Еске салайық, өткен сот отырысында Бишімбаев пен Байжанов үкім алдындағы соңғы сөздерін айтқан еді.