Қоғам

Әмен Тұяқов Алматының құрметті азаматы атағын алды

Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әмен Тұяқов Алматының құрметті азаматы атағын алды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Қала күні қарсаңында бір топ азамат «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағына ие болды. Олардың арасында еңбек ардагері Гайникен Бибатырова, көрнекті құрылысшы-инженер Клара Летникова, кескіндемеші-суретші Амандос Ақанаев, сәулетші Орысбай Баймырзаев бар. Сондай-ақ дәрігер Орынбай Дайырбеков пен ғалым-хирург Болатбек Баймахановқа да осы атақ берілді.

Скрипкашы, дирижер әрі композитор Мұрат Серкібаев та Алматының құрметті азаматы болды.