Қоғам

Сот Бишімбаев ісі бойынша алқабилерге сұрақтар дайындауға кірісті

Сұрақтар алқабилердің, БАҚ-тың қатысуынсыз және трансляциясыз дайындалады.

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі бойынша сот процесіне қатысушылар үкім шығару кезінде алқабилер жауап беруі тиіс сұрақтарды дайындауға кірісті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ulysmedia kz сілтеме жасап.

– Тараптар алқа билердің қатысуымен соттың шешуіне жататын сұрақтарды талқылауы тиіс. Алқабилер мәселелерді талқылау және қалыптастыру кезінде кеңесу бөлмесінде болуы керек. Осы себепті алқа билерден залдан шығып, трансляцияны тоқтатуды, сондай-ақ БАҚ өкілдеріне залдан шығуды сұраймын, - деді судья Айжан Құлбаева жұма күнгі сот отырысында.

Сұрақтар алқабилердің, БАҚ-тың қатысуынсыз және трансляциясыз дайындалады.