Қоғам

Павлодар облысында жер учаскелерін беру барысында заңсыздықтар анықталған

Екібастұзда жер кодексінің 65-бабы бұзылған.

Павлодар облысында жер учаскелерін беру барысында заңдылықты өрескел бұзу, сондай-ақ оларды нысаналы мақсаты бойынша ұзақ уақыт пайдаланбау фактілері анықталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.

Екібастұзда жер кодексінің 65-бабы бұзылған. Өңірде жеке орман өсіру үшін берілген 797 гектар учаскеде ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілгенмеген.

Табиғат қорғау прокуратурасы анықталған бұзушылықтар бойынша уәкілетті органдарға қадағалау актісі енгізілді.

Кінәлі лауазымды тұлғалар, оның ішінде Жер қатынастары бөлімдерінің басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/288841-pavlodar-oblysynda-quny-1-mlrd-tengege-zuyq-zer-ucaskeleri-memleketke-qaitaryldy