Павлодар облысында кеме капитаны суға батып кетті
Павлодар облысында кеме капитаны суға батып кетті
Оқиға 8 мамыр күні түнгі уақытта болды
Павлодар облысында суға батып кеткен кеме капитанын іздеу жұмысы жүріп жатыр.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 8 мамырда 23:25-те Павлодар облысы ТЖД ДЖБ-да 102-ден Аққулы ауданының Шабар ауылы маңындағы Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кетті деген хабар келіп түскен.
9 мамырда оқиға орнына 4 сүңгуірші жіберілді. Бір тәулікте жұмыс нәтиже бермеді. Іздестіру жұмысын су деңгейінің көтерілуі, қатты жел мен өзен ағыны қиындатып отыр.
Таң атқанда сүңгуірлер іздеу-құтқару жұмыстарын қайта жалғастыратын болады