сейсенбі, 15 қыркүйек, 2026 7:29

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қауышты

Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қауышты
Коллаж: turkystan.kz
Видео әлеуметтік желіде тарады.

Атырау облысында қайғылы оқиғаға байланысты аты аталған Ақбаян Мұқанғалиеваның балаларымен кездескен сәті видеоға түсіп, әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Кадрларда Ақбаян Мұқанғалиеваның жасөспірімдерді бейімдеу орталығында тұрып жатқан балаларымен қауышып, оларды сағынышпен құшақтағанын көруге болады.

Бұған дейін Ақбаян Мұқанғалиеваның тамыз айында психикалық денсаулық орталығынан шыққаны және кейін балаларымен кездескені хабарланған еді.

Қазіргі уақытта ол туыстарының қарауында. Жақындарының айтуынша, Ақбаянның балаларымен араласуы оның эмоционалдық жағдайын жақсартуға және оңалуына оң әсер етуі мүмкін.

Туыстары оның емделуі мен қалыпқа келуіне қажетті жағдай жасап жатыр. Олар Ақбаянның біртіндеп толық сауығып, балаларымен бірге қалыпты өмірге оралуынан үмітті.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар