жұма, 11 қыркүйек, 2026 8:58

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстанның Малайзия мен Грузиядағы жаңа елшілері тағайындалды

Қазақстанның Малайзия мен Грузиядағы жаңа елшілері тағайындалды
Фото: Коллаж Stan.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның Малайзия мен Грузиядағы Төтенше және Өкілетті елшілері тағайындалды.

Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды. 

“Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елші болып тағайындалды. Ол Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды. Талғат Мүбәракұлы Адуов Грузиядағы Төтенше және өкілетті елші лауазымына тағайындалды”, – делінген жарлықта. 

Ал Болат Сүгірбаев Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елші, Қазақстанның Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар