Рыбакина финалға өтті
АҚШ ашық біріншілігінің әйелдер арасындағы шешуші финалдық кездесуі сенбі, 12 қыркүйекте өтеді.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Нью-Йоркте өтіп жатқан US Open турнирінің жартылай финалында америкалық Коко Гауффты жеңіп, жарыстың шешуші кезеңіне жолдама алды. Тартысты өткен кездесуде отандық теннисші қарсыласынан үш сет қорытындысы бойынша басым түсті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Ойын барысында Рыбакина бірінші сетте 3:6 есебімен жол бергенімен, кейінгі екі сетте таразы басын өзіне аударып, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Енді ол финалда Беларусь өкілі Арина Соболенкомен бас жүлдені сарапқа салады. Бұл матчтың нәтижесіне қарамастан, Елена Рыбакина келесі аптадан бастап рейтингте көш бастап, әлемнің бірінші ракеткасы атанады. Ал осыған дейін көш басында болған Соболенко екінші орынға сырғиды.
Елена Рыбакина өзінің спорттық карьерасында алғаш рет Grand Slam турнирлер сириясына кіретін US Open жарысының финалына шығып отыр. Ол бұған дейін мұндай деңгейдегі Уимблдон мен Australian Open турнирлерінде топ жарған болатын.
АҚШ ашық біріншілігінің әйелдер арасындағы шешуші финалдық кездесуі сенбі, 12 қыркүйекте өтеді.