Алматыда бірнеше коммерциялық нысан сүрілді
Сот шешімі бойынша қоғамдық тамақтандыру нысандары мен дүкен бұзылды.
Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы Түркебаев көшесі, 88 - үй бойында орналасқан ғимаратты жоспардан тыс тексеру кезінде басқарма қосалқы нысанның рұқсат құжаттарынсыз салынғанын анықтады.
Меншік иесіне (жеке тұлғаға) қатысты жол берілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, ҚР ӘҚБтК 316-бабы 1-бабы, 321-бабы, 323-бабы бойынша шаралар қабылданды.
Айта кетерлігі, бұған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаев заңсыз құрылысты бақылауды күшейтуді тапсырған болатын.
Жалпы, қала бойынша талап қою қызметінің нәтижелеріне сәкес жылдан бастап 28 заңсыз нысан, оның ішінде бизнес-орталықтар, мейрамханалар, қосалқы нысандар мен автосервистер, сондай-ақ "Мечта" және KHAN сияқты ірі тұрғын үй кешендері бұзылды.