Қоғам

Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасдаы

Бұл Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) "Шеп-2026" бірлескен оқу-жаттығуымен байланысты.

Қорғаныс министрлігі ел тұрғындарына алдағы күндері Алматы және Жамбыл облыстары, сондай-ақ Жетісу облысының аумағында әскери техника қозғалысы байқалатынын ескертті. Бұл Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) "Шеп-2026" бірлескен оқу-жаттығуымен байланысты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.  сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) "Шеп-2026" бірлескен оқу-жаттығуы 12-19 қыркүйек аралығында Жетісу облысындағы "Көктал" полигонында өтеді.

Оқу-жаттығуға дайындық және оны өткізу кезеңінде, яғни, 7-30 қыркүйек аралығында Алматы және Жамбыл облыстары, сондай-ақ Жетісу облысының аумағында әскери техника мен жеке құрамның жоспарлы қозғалысы жүзеге асырылады.

Оқу-жаттығу барысында далалық сабақтар өткізіліп, оның аясында марш дайындығы, бөлімшелерді басқару және қойылған міндеттерді орындау пысықталады.

Іс-шаралар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің жауынгерлік даярлық бойынша бекітілген жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

Ведомство өкілдері "Шеп" оқу-жаттығуы тұрақты негізде Ұйымға мүше мемлекеттердің аумағында кезекпен өтетінін атап өтті.