Әлеумет

Түркістанда әйел пышақ жарақатынан қайтыс болды

Оны өлтірді деген күдікпен күйеуі ұсталды.

Түркістанда 54 жастағы әйел пышақ жарақатынан кейін қайтыс болды. Оны өлтірді деген күдікпен күйеуі ұсталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға Түркістанда отбасылық жанжалдан кейін болған. Көршілердің айтуынша, ауыр жарақат алған әйелді алғаш болып оның кіші ұлы байқаған. Анасының дауысын естіген ол бөлмеден шығып, анасын қанға боялып жатқан күйде көрген. Жас жігіт жедел жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер әйелдің өмірін сақтап қала алмады.

Ерлі-зайыптылардың бірге шамамен 25 жыл тұрғаны және төрт бала тәрбиелеп өсіргені белгілі. Жанжалға нақты не себеп болғаны әзірге хабарланбады.

Түркістан облысының полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын растады.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оқиғадан кейін ер адам өзіне қол жұмсамақ болған. Ол ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта ер адам қамауда отыр.