Қазақстан мен Лаос президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Мемлекет басшысы мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Лаос Президентінің Қазақстанға жасап отырған алғашқы сапарын тарихи оқиға деп атады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Мемлекет басшысы Лаосты Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктесі деп санайтынын жеткізді.
Сондай-ақ Лаос елінің экономикасы соңғы жылдары тұрақты өсіп келе жатқанына, әсіресе, энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм салалары бойынша зор нәтижеге қол жеткізгеніне назар аударды.
Тхонглун Сисулит достас қазақ еліне арнайы сапармен келуге шақырғаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты