Саясат

Қазақстан мен Лаос Президенттерінің қатысуымен бірқатар құжаттарға қол қойылды

Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Астанада Қазақстан мен Лаос Президенттерінің қатысуымен бірқатар үкіметаралық құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

1. Қазақстан Республикасы мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы cыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум;

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы Жоғарғы халық прокуратурасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Лаос Халық Демократиялық Республикасы Ғылым және технологиялар министрлігі арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және электрондық мемлекеттік қызметтер саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум;

4. Астана мен Вьентьян қалалары арасында бауырластық байланыстар орнату туралы меморандум.