бейсенбі, 3 қыркүйек, 2026 16:06

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Өзбекстан тарапы Астанада ұсталған профессор Икболжон Қарабоев туралы ресми хабардар – ҰҚҚ

Өзбекстан тарапы Астанада ұсталған профессор Икболжон Қарабоев туралы  ресми хабардар – ҰҚҚ
ашық дереккөз
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚазТАГ сауалына берген жауабында мәлім етті.

Қазақстан Өзбекстан тарапының Астанада ұсталған профессор Икболжон Қарабоевқа қатысты іс туралы ресми түрде хабардар етілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚазТАГ сауалына берген жауабында мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу материалдары жария етуге жатпайды. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өзбек тарапы дипломатиялық арналар арқылы ресми түрде хабардар етілді», – деп жауап берген ҰҚК өкілдері.

Ведомство тергеудің мән-жайына қатысты өзге де егжей-тегжейлі деректерді жариялаудан бас тартты.

Бұған дейін BBC Астанадағы Мақсұт Нәрікбаев атындағы университетте халықаралық қатынастар пәнінен сабақ берген өзбек профессоры Икболжон Қарабоевтың Қазақстанда тыңшылық ісі бойынша ұсталғанын хабарлаған болатын.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар