сәрсенбі, 2 қыркүйек, 2026 10:25

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстандықтар 4 туроператор арқылы қажылыққа бара алады

Қазақстандықтар 4 туроператор арқылы қажылыққа бара алады
istockphoto.com
Іріктеудің негізгі мақсаты – қазақстандық қажыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыруға қатысатын туроператорларды іріктеу жұмыстарының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Іріктеудің негізгі мақсаты – қазақстандық қажыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, Сауд Арабиясында отандастарымыздың қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ Сауд Арабиясы тарапының қажылық саласына қатысты заңды талаптарын сақтау.

Белгіленген тәртіпке сәйкес, іріктеу жұмыстарын арнайы құрылған комиссия жүргізді. Комиссия үміткер туроператорлардың қажылық және ұмра сапарларын ұйымдастырудағы жыл бойғы қызмет көрсеткіштері мен оң тәжірибесін, ресми тәртіппен алған туркодтарын, сондай-ақ тиісті лицензияларының жарамдылығын «Туристік Қамқор» корпоративтік қоры арқылы тексерді.

Сонымен қатар туроператорлардың ұйымдастырушылық қабілеті мен белгіленген талаптарға сәйкестігі бағаланды. Сауд Арабиясы тарапы қажылық сапарын ұйымдастырушыларға қойған талаптардың сақталуына да назар аударылды.

Комиссия мүшелері белгіленген тәртіпке сәйкес туроператорларды балдық жүйе бойынша бағалап, қажылық орындарын бөлді.

Кешенді және салыстырмалы бағалау қорытындысы бойынша 2027 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыруға мына туроператорлар лайықты деп танылды:

«Атлас Туризм» ЖШС
«Нұрхан Тревел» ЖШС
«Тауаф Тревел» ЖШС
«Хикмет Тревел» ЖШС
Сонымен қатар ашық іріктеуден өтпеген туроператорлар заңнамада белгіленген тәртіппен жоғарыда аталған туроператорлардың бірімен субагенттік негізде келісім жасасып, қажылық сапарларын ұйымдастыруға мүмкіндік алады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар