Қоғам

Екі пәтер мен үш Lexus: Amanat Drive қаржы пирамидасының басшыларына үкім шықты

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметі мәлім етті.

Қонаев қаласында Amanat Drive қаржы пирамидасының басшыларына қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Агенттік мәліметінше, аталған қаржы пирамидасына 8 мыңнан астам адам қаражат салған, ал тартылған инвестицияның жалпы сомасы 21 миллиард теңгеден асқан. Ұйымдастырушылар салымшыларға жылжымайтын мүлік пен автокөліктерді пайызсыз және бөліп төлеу шарттарымен тиімді сатып алуды уәде еткен.

Тергеу барысында анықталғандай, жиналған қаражаттың бір бөлігі жарнама, аналитика және басқа да қызметтер үшін төлем ретінде бақылаудағы компаниялар арқылы сыртқа шығарылып отырған. Осы схема бойынша 1,8 миллиард теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған. Сонымен қатар салымшылардың ақшасына екі пәтер мен үш Lexus автокөлігі сатып алынып, басқа тұлғалардың атына рәсімделген.

Сот шешімімен К.К. Шүкен 8 жылға бостандығынан айырылса, М.С. Үрәтбек 1 жылға сотталды. Сондай-ақ сот заңсыз жолмен алынған мүлікті мемлекет кірісіне тәркілеу туралы қаулы қабылдады.