Спорт

Асу Алмабаев чемпиондық титулды жеңіп алды

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев бразилиялық джиу-джитсу және грэпплингтен өткен ACBJJ 22 турнирінде бақ сынады. Ол чемпиондық белбеуді иеленді.

Жарыс аясында қазақстандық спортшы чемпиондық атаққа қол жеткізді. Бұл туралы ұйымдастырушылар Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.

All-Stars Title Match жекпе-жегі No-Gi (кимоносыз күрес) ережесі бойынша өтті. Төрешілер бірауыздан шешім қабылдап жеңісті қазақстандықтың пайдасына берді.

Турнир Стамбұлда өтті. Асу Алмабаев 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тәжікстандық Халим Назрулоевпен күш сынасты.