Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға туралы хабарлама сағат 22:56-да түскен. Катер 5А шағынауданы маңындағы аумақта жартасты соғылған.
Құтқару жұмысы барысында бес адам жағаға шығарылып, медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Алдын ала ақпарат бойынша, катердегі тағы екі адамның құтқару кеудешесі болмаған. Іздестіру-құтқару жұмысы кезінде құтқарушылар жағадан шамамен 500 метр жерден екі адамның денесін тауып, судан алып шыққан.
Құтқару жұмысына ТЖД-ның 35 қызметкері, төрт техника және төрт жүзу құралы жұмылдырылды. Сонымен қатар оқиға орнында полицияның 10 қызметкері мен төрт техникасы, Апаттар медицинасы орталығының мамандары және жедел жәрдемнің бес бригадасы жұмыс істеді.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, деп атап өтті ведомство.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





