"Әкемнің Рейхстагқа алғашқы болып Ту тіккен қазақ екеніне мақтанамын" – Әлия Қошқарбаева
Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың қызы Әлия Қошқарбаева әкесі туралы естелігін айтып берді.
Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың қызы Әлия Қошқарбаева әкесі туралы естелігін айтып берді. Бүгін батырдың қызы "Таңшолпан" бағдарламасына сұқбатқа келді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.
Әлия Қошқарбаеваның айтуынша, әкесі рейхстагқа ту тіккенін ерлік деп санамаған.
"Ол соғыс жайлы көп айта бермейтін. Әкемнің Рейхстагқа алғашқы болып Ту тіккен қазақ екеніне мақтанамын»", - дейді Әлия Қошқарбаева.
Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа ту тіккенде 19 жаста болған.