бейсенбі, 21 қараша, 2024 17:43

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Әкемнің Рейхстагқа алғашқы болып Ту тіккен қазақ екеніне мақтанамын" – Әлия Қошқарбаева

"Әкемнің Рейхстагқа алғашқы болып Ту тіккен қазақ екеніне мақтанамын" – Әлия Қошқарбаева
Фото: baribar.kz
Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың қызы Әлия Қошқарбаева әкесі туралы естелігін айтып берді.

Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың қызы Әлия Қошқарбаева әкесі туралы естелігін айтып берді.  Бүгін батырдың қызы "Таңшолпан" бағдарламасына сұқбатқа келді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  nur.kz-ке сілтеме жасап.

Әлия Қошқарбаеваның айтуынша, әкесі рейхстагқа ту тіккенін ерлік деп санамаған.

"Ол соғыс жайлы көп айта бермейтін. Әкемнің Рейхстагқа алғашқы болып Ту тіккен қазақ екеніне мақтанамын»", - дейді Әлия Қошқарбаева.

Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа ту тіккенде 19 жаста болған.

"Менің жолым болды дейтін. 19 жаста ерлік жасады. Қазіргі балалар не ойлайды? Батырлықты ойламайды ғой. 30 сәуірде Рейхстагқа ту тіккенде тірі қалған Григорий Болатов екеуміз деп айтатын. Жан-жақтан атқылаған оқтан аман қалу өте қиын. 8 сағат бойы бас көтермей, жер бауырлап Рейхстагқа жеткен. Сол кезде 400 метр жерге бас көтермей жеткенде екі адам ғана тірі қалған ғой", - деді Әлия Қошқарбаева.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар