Президент Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын құру туралы Жарлыққа қол қойды
Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің аппараты құрылды.