Әлем

Непалдағы су тасқыны: тағы бір қазақстандық жоғалып кеткен болуы мүмкін

Қазіргі таңда Непалда жоғалған адамдарды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Непал мен Қытай шекарасында тағы бір қазақстандық азамат жоғалып кеткен болуы мүмкін, – деп хабарлайды  Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап..

Бұған дейін СІМ Непалда із-түзсіз кеткендер арасында Қазақстанның екі азаматы бар екенін мәлімдеген еді. Қазір жоғалған қазақстандықтардың саны артуы мүмкін.

26 тамызда Непал мен Тибет шекарасында жойқын сел жүріп, Бхотекоши және Тришули өзендері аңғарындағы елді мекендер, жолдар мен көпірлер қираған. Reuters мәліметінше, табиғи апат салдарынан 620-дан астам адам қаза тауып, 3 мыңға жуық адам хабар-ошарсыз кеткен.

Қазіргі таңда Непалда жоғалған адамдарды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.