Қоғам

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса:  "Мәдениетіміз туралы мәдениетсіздер дәріс оқитын заман болды"

Продюсердің бұл пікіріне  қатысты Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса жауап берді,

Жақында «Замандас» подкастында танымал продюсер Баян Алагөзова қазақтың балаларының мектепте, жоғары оқу орындарына ұстаздарына «ағай», «апай» деп айатынын сынға алған еді. Продюсердің бұл пікіріне  қатысты Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса жауап берді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сілтеме жасап.

 «Театр инстутында оқып жүргенде «Гүлнәр апай» деп сөйлейтін студенттерді көретінмін. Бұл институт. Қайдағы апай? Мектепте де сол. Сонда мәдениет, білім қайда? Бұл біздің менталитетке сіңіп кеткен. «Апай қойып беріңізші?» деп мұғаліммен келісу оңай. Сондықтан мұндай панибратствоны жою керек», - деген еді Баян Алагөзова «Замандас» подкастында.

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса  мәдениетіміз туралы мәдениетсіздер дәріс оқитын заман болды ғой деп жазды.

«Осыған осылай кім жауап береді екен деп жүр едім, өзімде уақыт болмағасын. Күшті қарымта қайтарыпсың қазақ мүддесі үшін! Бұл мәңгүрттер өздері білмейтін қазақ тілі, қазақтың ұлттық ұғымы, қазақ мәдениеті туралы сөз қозғап несі бар десейші? Мәдениетіміз туралы мәдениетсіздер дәріс оқитын заман болды ғой!», - дейді депутат.